Шымкентте экологиялық слет өтті

273

Шымкентте экологиялық еріктілер слеті өтті. Онда шаһардың экологиялық проблемалары жан-жақты талқыланды.

Белсенділер қоршаған ортаны қорғау үшін өз ұсыныстары мен жобаларын ортаға салды. Шымкент қаласы бойынша экология департаменті «Еріктілер жылы» аясында ұйымдастырған шараға қоғамдық ұйымдар, экологиялық белсенділер мен еріктілер, 100-ден астам адам қатысты.

Оның ішінде, қалалық білім басқармасы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Жастар ресурстық орталығының өкілдері, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның экология кафедрасының студенттері, Шымкент қаласының өңірлік экологиялық елшісі, экоактивистер және еріктілер де бар.

Кездесу барысында қоршаған ортаны, ластамай, экологиялық талаптарды сақтау мен қоқыстарды өңдеу арқылы қала тазалығын жақсарту бойынша ұсыныстар қаралды.

Мақпал Рысбаева