25 наурызда Шымкент қаласында екінші коронавирус инфекциясының жағдайы тіркелген. 1970 жылғы науқастан алынған анализ оң нәтижесін берген.
Коронавирус инфекциясы анықталған ошақта кешенді эпидемияға қарсы іс-шаралар атқарылып, қорытынды залалсыздандыру жұмыстары толық жүргізілді.
Науқастың қазіргі жағдайы қанағаттандырарлық. Коронавирус инфекциясының диагностикасымен мен емі бекітілген хаттамаға сәйкес терапия жүргізілуде.
Бүгін диагнозы расталған азаматша, кеше коронавирус анықталған азаматтың туған анасы. Баласымен тұрмыстық тығыз қатынаста болғандықтан, азаматша 24 наурыз күні жұқпалы ауруханалар ауруханасына жатқызылып, оқшауланған. Анализдері алынып,25-наурыз күні оң нәтижесін берген.