Шымкент: 14 адам ковид жұқтырған

62

Елімізде өткен тәулікте 393 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Оның 14-і Шымкентте , екеуі Түркістан облысында тіркелген.

Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 718 -ге жетіп отыр. Оның 25-і шымкенттіктер. Ал, Түркістан облысынан 5 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында.

29 желтоқсандағы жағдай бойынша елде 16 977 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 2 524 пациент стационарға жатқызылған.

Ал,  14 453-і амбулаториялық деңгейде емделуде. Сала жауаптыларының айтуынша, 221 адамның жағдайы ауыр, ал 67 пациенттің халі өте ауыр. 41 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған.

Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 8 965 031 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 8 488 453 адам салдырды. Ал Шымкентте 591 925 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 572 074-і алды.

Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 040 400, II компонентін 1 025 047 адам салдырған. Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ, еліміздің 15 өңірі жасыл аймақта. Ал 2 өңір сары белдеуде орналасқан. Олар Нұр-Сұлтан қаласы мен СҚО.

Мөлдір Ибадуллаева