Шымкенттегі мамандандырылған №2 ХҚО жаңа мекен-жайға көшті

199

Шымкенттегі мамандандырылған №2 ХҚО жаңа мекен-жайға көшті. Жаңа мекенжай: Ташкент айналма тасжолы, №341.

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Данабек Исабековтың айтуынша, автоХҚО-ға келетін азаматтар жүктемесінің және ағымының көбеюіне байланысты жаңа ғимаратқа көшу қажеттілігі туындаған.

– Біз мемлекеттік қызметтердің көрсетілу реті бойынша тұрақты талдау жасап, азаматтардың ыңғайлылығы үшін ХҚО аумағын кеңейту қажет деген қорытындыға келдік. Жаңа мамандандырылған ХҚО-да 48 инспектор жұмыс істейді, ал дайын құжаттарды қабылдау және беру үшін 27 жұмыс орны бар. 1500 ш.м. аймақта орналасқан автоХҚО-да, сондай-ақ, 300 көлікке арналған автотұрақ қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандус және шақыру батырмасы жұмыс істейді, – деді Д.Исабеков.

Мамандандырылған ХҚКО ғимаратында автокөлік құралының тіркеуін және қайта тіркеуін жүргізуге және жүргізуші куәлігін ауыстыруға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкентте қазіргі уақытта үш мамандандырылған ХҚКО жұмыс істейді. Биылғы 2 айда онда 14 089 жүргізуші куәлігі беріліп, 67 489 автокөлік қайта тіркелген.

Мамандандырылған ХҚО мекенжайлары:

№1 мамандандырылған ХҚО: Достық ш/ауд.
№2 арнайы ХҚО: Ташкент айналма жолы, №341.
№3 арнайы ХҚО: Қызылжар ш/ауд., Жиделібайсын көшесі, №92. «Бекжан-комфорт» СО.

Жұмыс кестесі: дүйсенбі-сенбі, 09:00-ден 20:00-ге дейін, үзіліссіз.