Шымкентте тұрғындардан ақша бопсалап келген жалған полицейлер ұсталды

0

(Фото: Видеодан кадр)

Шымкентте қала тұрғындарынан күш қолдану арқылы үлкен көлемдегі ақша бопсалап келген үш ер адам ұсталды.

Polisia.kz жазуынша, күдіктілер полиция қызметкерлерінің атын жамылып, тұрақты түрде ақша бопсалаумен айналысып келген. Олар тұрғындарды “қорғауға” аламыз деп, ай сайын төлем талап еткен. Күдіктілердің бірінен полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігі тәркіленді. Ал екінші күдікті алаяқтық үшін бұрын сотталған.

«Мұндай әрекеттер өз міндеттерін адал атқаратын ішкі істер органдары қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіреді. Сондықтан оларға қатаң түрде тосқауыл қойылатын болады. Күдіктілердің барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау, тонау және билік өкілі атағын өз бетінше иемденіп алу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір олардың осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», – деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Айта кетейік, күдіктілер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.