Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен елде енгізілген төтенше жағдайға байланысты Халықты жұмыспен қамту орталығы Нұр-Сұлтан қаласына 50 мың медициналық бетперде жіберді.

Қазіргі таңда медициналық бетперде тігуге орталық басшылығы мен қызметкерлері ерікті түрде кірісті. Медициналық қорғанысты құралдары бірнеше рет пайдалануға арналған.

Бөз, дәкеден тігілген маскаларды шығаруға отандық шикізат пайдаланылған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Мақпал Рысбаева