Төтенше жағдай жарияланған Шымкентте коммуналдық сала қызметкерлері жұмысын жалғастыруда. Бауыржан Момышұлы көшесінің бойында «ЛТД Тұрмыс» серіктестігінің жұмысшылары раушан гүлдерінің түбін қопсытып жетілуіне жағдай жасауда.

Күтімнің арқасында гүлдер жайқалып қаланың көркін ажарландыра түседі. Қаланың орталығында отырғызылған бір жылдық гүлдер, ағаш көшеттері жерлестеріміздің көңіл кұйін көтеріп жігерлендіреді деген ниеттеміз дейді коммуналшылар

Гүлнар Андасова, «ЛТД Тұрмыс»ЖШС маманы: «Короновируспен Италиядағылар көптеп ауырып жатыр екен. Тез жазылып кетсін. Шымкент аман. Карантинге, төтенше жағдайға қарамастан жұмыс жалғасады. Көгалдандырумен айналысудамыз. Бұл көше біткен соң,  «Қажымұқан» стадионында гүлдерді отырғызуды жалғастырамыз.Шынар Оразова