Коронавирус індетінің таралуының алдын алу үшін түрмеде де тәртіп қатаңдатылды.
Шымкенттегі түзету мекемелерінде қызметкерлердің сәт сайын дене қызуы тексеріліп, медициналық маскалармен қаматамасыз етіліп жатыр. Қолдарына қолғап үлестіріліп, есік-терезелер дезинфекцияланып отырады.
Сондай-ақ,сотталғандардың туыстарымен тікелей кездесуіне шектеу қойылып, онлайн жүйемен хабарласуға көшкен. Бұл үшін абақтыдағы жазасын өтеушілерге арнайы бөлме қарастырылып, онда қолдарына видео-байланыс орнатылған смартфон беріледі. Және бұл процесс арнайы түзеу мекемесінің қызметкерлерінің тікелей қадағалауымен жүзеге асырылады.
Мөлдір Бекеева