Төлеби ауданындағы Жыланбұзған жалпы орта мектебінің басшылығы оқушылардың өз білім ошағында сабақтарын жалғастырып жатқанын хабарлады.
Осыған дейін балалар көрші Сұлтан Рабат ауылындағы мектепте дәріс алып келді. Естеріңізге сала кетейік, ақпанда қатты желмен Жыланбұзған мектебінің шатыры ұшып мердігерлер төбесін жабуға тапсырыс алған болатын.Бұл жұмыстар аяқталып аптаның басынан мектеп оқу процессін бастады. Жаңбыр суынан зақым келген үшінші қабаттағы сынып бөлмелері көктемгі демалыста ретке келтіріледі.
Шынар Оразова