фото inform.kz

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған тағы 1 науқас сауығып, ауруханадан шықты, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Бұл Қазақстан бойынша коронавирустан жазылып шыққан 51-ші адам. Айта кетейік, осы сәтке дейін Нұр-Сұлтанда – 28, Алматы қаласында – 21, СҚО-да – 1, Ақтөбе облысында – 1 пациент коронавирустан емделген. ⠀