Қазақстанда тағы 56 адам коронавирус жұқтырып алды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Сайттың коронавирусқа қатысты сағат 09:50-дегі жағдай бойынша таратқан ақпаратына қарағанда, Алматы қаласында — 3, Қостанай облысында — 1, Жамбыл облысында — 2, Батыс Қазақстан облысында — 10, Түркістан облысында — 7, Павлодар облысында — 5, Нұр-Сұлтан қаласында — 17, Манғыстау облысында — 1, Ақтөбе облысында — 7, Шығыс Қазақстан облысында – 3адам қауіпті вирусты жұқтырып алған. Осылайша еліміз бойынша вирус жұқтырғандар саны 2191-ге жетті. Нұр-Сұлтан қаласы – 421 Алматы қаласы – 735 Шымкент қаласы – 131 Ақмола облысы – 83 Ақтөбе облысы – 34 Алматы облысы – 62 Атырау облысы – 82 Шығыс Қазақстан облысы – 15 Жамбыл облысы – 79 Батыс Қазақстан облысы – 86 Қарағанды облысы – 102 Қостанай облысы – 36 Қызылорда облысы – 157 Маңғыстау облысы – 19 Павлодар облысы – 43 Солтүстік Қазақстан облысы – 30 Түркістан облысы – 76 Айта кетейік, Қазақстанда коронавирустан айығып кеткендер саны осы сағатта 515-ті құрап отыр.