Шымкентте 22 мыңнан астам азамат коммуналдық төлем жеңілдігіне өтініш берген. 15 мың теңгені қалада 7 санаттағы азаматтар ала алады.

Алдын-ала есеп бойынша 130 мыңдай тұрғын осы қолдауға қол жеткізе алады екен. Алайда, ол үшін абоненттік төлем өтінім берушінің атында болуы тиіс. Ал пәтерде тұратын тұрғындар осы санатта болса да дербес шотының өз атында болмауына байланысты бұл жеңілдіктен қағылады. Себебі,нысаналы қаражат мақсатты жұмсалуы тиіс дейді салаға жауаптылар.

Ғалымжан Төлепов, Шымкент қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы: «Күн сайын 1,5 мыңға дейін өтініш келіп түседі. Жартысына жуығына оң шешім шығарылады. 15 мың теңге сәуір мамыр айларына төленеді».

Мақпал Рысбаева