Алдағы демалыс күні Шымкент пен Түркістан облысында жаңбыр жауады

417

«Қазгидромет» РМК Түркістан облыстық филиалы мамандарының берген мәліметі бойынша 23-ші сәуірде Шымкентте шамалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады, Оңтүстік  бастыстан  8-13 м/сек жел тұрады.

Түнде ауа температурасы 12-14 градус жылылықты көрсетсе, күндіз сынап бағанасы 30-32 градусқа дейін ысиды.

Сәуірдің 25-не Шымкентте жаңбыр жауады. Салдарынан ауа температурасы күндіз +20+22 градусқа төмендейді.

Түркістан 24-ші сәуірде Түркістан облысының  басым бөлігінде  бұлтсыз, оңтүстік батыстан 8-13 м/сек жел тұрады. Кей жерлерде оның екпіні 15-20 м/сек жетеді. Кей жерлерде жауын-шашын күтіледі. Күндіз 30-35 градусқа дейін күн ысиды, таулы аудандарда сынап бағанасы 25 градус жылылықты көрсетеді.

25-ші сәуірде облыс аумағында жаңбыр жауады. Дауыл тұрып, найзағай ойнайды. Солтүстік шығыстан 9-14 м/сек жел болады. Күндіз ауа райы 20-25 градус жылылықты көрсетеді. Өңіріміздің оңтүстік аумақтарында сынап бағанасы +28-градусқа  дейін көтеріледі.

Шынар Оразова