Түркістан облысы әкімдігінің жанынан құрылған Call-орталыққа өңір тұрғындарынан 37 мыңнан астам қоңырау келіп түсті.

109 номеріне хабарласқан азаматтардың дені төтенше жағдай кезінде аудан қалалардағы тұрғындардың жүріп-тұруы, азық-түлік бағалары, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мемлекеттік мекемелердің жұмыс кестесі, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға және мүгедектерге Үкіметтен берілетін әлеуметтік көмек жайындағы сауалдармен хабарласқан.

Айта кетейік, елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты 23 наурыздан бастап облыс әкімдігінің жанынан тұрғындардың сауалдарына жедел жауап беру мақсатында арнайы Call–орталық ашылған болатын. Бүгінде бұл орталық тәулік бойы 24/7 форматында тұрғындардан қоңыраулар қабылдап жатыр. Жиналған барлық сауалдарды операторлар салалық құрылымдарға жолдап, дер кезінде кері байланыс орнатып жұмыс істеп келеді.