Жедел басқару орталығына 204 мыңға жуық қоңырау түскен

49

Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығында полицейлер тәулік бойы үздіксіз өз жұмыстарын атқарып келеді. Олар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіпті сақтау мақсатында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жедел жұмыстарды жүзеге асырады.

Жыл басынан бері аталған орталықтың «102” арнасына 203 019 түрлі сипаттағы қоңырау шалынған. Сондай-ақ, оның 79 795 тіркеуге алынып, шешім қабылданды. Жедел басқару орталығына қарасты бейнекамералардың көмегімен ағымдағы жылдың 6 айында 165 қылмыс ашылған. Атап айтқанда, тонау- 7, бұзақылық- 15, автокөлікті заңсыз иемдену- 15, адам өлтіру- 1, ұрлық- 86, басқа да қылмыстар- 41.
Шымкенттік полицейлер тұрғындарға заң аясында тыйым салынған әрекеттерге жол бермеу керектігін, кез келген құқыққа қарсы әрекет үшін ҚР әкімшілік немесе қылмыстық кодексінің баптары негізінде жауапкершілік бар екенін ескертеді.