Осы уақытқа дейін қатерлі індеттен ада болған Түркістан облысынан коронавирус анықталды. Кеше кешке тіркелген науқас 21 наурызда елордадан келген екен.
Шымкентке дейін екі пойызбен жеткен ол Жетісай ауданына жеке көлікпен барыпты. 27 наурыздан бастап қызуы көтерілген азаматша ауруханаға үш күннен кейін жүгінген екен. Осы жағдайдан кейін Жетісайдан тағы 4 науқас тіркелді. Оның үшеуі алғашқы науқас жүрген ошақтан табылған. Ал, бесінші науқастың жуырда ғана Алматыдан келгені белгілі болды. Бүгінде олармен қатынаста болған 40-қа жуық адам оқшауланды.
Назерке Үкібасова