Ораза айында қалалық жастар мәслихатының депутаттары жас кәсіпкерлермен бірігіп карантинге жабылған үйлердегі отбасыларға қолдау көрсетті. Қиын жағдайда қалған жерлестерімізге  азық-түлік жиынтығы артық етпейді, көмек болады дейді жастар.

Тігін курстарынан екі күнде жиналған 600 мың теңгеге еріктілер қаладағы ірі сауда дүкенінен күнделікті тұтынатын азық- түлік сатып алып, демалыс күндері карантинде отырған  40 отбасыға  жеткізіп берді.

Жансая Беспай, кәсіпкер: «Тігін курсына қатысушы оқушыларыма, командамама алғысым шексіз. Ораза айында  сауапты іс жасадыңыздар. Алла разы болсын. Ниеттеріңіз қабыл болсын».

Шынар Оразова