Ораза айында қалалық жастар мәслихатының депутаттары жас кәсіпкерлермен бірігіп карантинге жабылған үйлердегі отбасыларға қолдау көрсетті. Қиын жағдайда қалған жерлестерімізге азық-түлік жиынтығы артық етпейді, көмек болады дейді жастар.
Тігін курстарынан екі күнде жиналған 600 мың теңгеге еріктілер қаладағы ірі сауда дүкенінен күнделікті тұтынатын азық- түлік сатып алып, демалыс күндері карантинде отырған 40 отбасыға жеткізіп берді.
Жансая Беспай, кәсіпкер: «Тігін курсына қатысушы оқушыларыма, командамама алғысым шексіз. Ораза айында сауапты іс жасадыңыздар. Алла разы болсын. Ниеттеріңіз қабыл болсын».
Шынар Оразова