Шаруаларға арзандатылған бағамен жанар-жағармай үлестіріледі

296

Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне жүгінсек, көктемгі дала жұмыстары жүргізілуде. Шаһар аумағындағы  27 мың га егістік жер аудару аяқталды. Енді егін егу басталды.

Қазір  өндірістік  кооператив, жалпы тауар өндірушілерін қолдау бағытында тыңайтқыштарға кеткен шығындарды субсидиялау және  арзандатылған бағадағы жанар-жағармаймен шаруашылықтарды қамту мәселесі қолға алынған.

Гүлнар Сәметова, Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары: «ЖЖМ бір литрі 174 теңге болатын, ауыл шаруашылығы министрлігі ол бағаны 165 теңгеге  түсіру бойынша шешім қабылдады. Жақын арада ЖЖМ  сол бекітілген  бағада босатылады. Қажеттілік 1250 тонна, оның жартысы үлестірілді. Айта кететін жәйт, коронавирусқа қатысты кризистік мерзімде ауыл шаруашылығы саласындағы өндірістік кешендер, құс, мал, жылы жай шаруашылықтары жұмысын тоқтатпай, жалғастырады. Және де ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдайтын мекеме, аталған салада еңбек ететін азаматтардың жұмыс істеуіне, қала аумағында қозғалуына рұқсат берілген. Ол үшін  құжаттары болуы  шарт».

Шынар Оразова