Шетелде болған шымкенттіктер блок бекеттен өте алмай қалды

115

Кешкі сағат тоғызда блок бекеттің жабылатынын білсе де, одан өтуден дәмелі болғандардың бірі — Хадиша Шәмшиева. Өткен айда шетелге қыдырып кеткен ол Праганы аралау бұйырмағанын айтады.

Алдымен турист боп барған елде карантинде жатқан келіншек кейін, елордада бақылауда болыпты. Енді міне аман есен үйіне таяғанда блок бекеттен өте алмай қалып тұр.


Хадиша Шәмшиева, қала тұрғыны: «Білмеймін, біз қалай кіреміз? Біздің үйіміз мынау. «Достықта» тұрамын мен. Біз турист боп шетелге барғанбыз. 13-не кеттім. Бара салысымен ол жақта да карантинде болдым. Коронавирус болып жатқанын білмедім. Енді қазір қасымда екі бала келе жатыр. Олар да сол карантиннен шыққан. Енді білмеймін не істейтінімді? Қазір мені жібермесе, барлық жерге звондаймын».

Ал, Шымкенттің бас полицейі жолаушылардың бұл сөзіне сенбейді. Айтуынша, бұл тұрғындардың кезекті сылтауы. Барлығының да тәртіпке бағынуы керек деген Е. Жұмаханбетов блок бекетте бармақ басты, көз қысты әрекеттің орын алмайтынына сенімді.


Ералы Жұмаханбетов, Шымкент қаласы ІІД бастығы: «Олар Шымкентке келіп, үйінде болған. Сөйтіп, шығып кеткен. Сөйтіп, қайтадан кірмекші. Бәріне ескертілді ғой енді. Олардың елордадан келе жатырмыз деген сөзі жалған».

Назерке Үкібасова