Елімізде төтенше жағдай жарияланған күннен бастап қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен бірінші кезекте азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесі жіті бақылауға алынды. Бұл мақсатқа қажетті қаржы бөлінді.

Мемлекет тарапынан бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты ұстап тұру үшін әкімдік пен «Gramad Retail» ЖШС-імен келісім түзілді. Қазіргі таңда аталмыш серіктестіктің қоймасында азық-түлік қоры жеткілікті. Оған қоса тауарлардың көтерме бағасы тұрақты. Келісім негізінде серіктестік өзінің 2 супермаркетінде азық-түлікті белгіленген бағада сатып жатыр.

Енді «Gramad» супермаркетіне «Magnum» «Фиркан» сауда желілері де қосылды. Қазір қала аумағында бекітілген бағамен азық-түлік сатып жатқан 21 сауда желісі бар. Оған қоса «Gramad» супермаркеті қаладағы «Алаш», «Жібек жолы», «Қапланбек», «Акбар» және «Айна» базарда арнайы көлікпен жылжымалы сату нүктелерін ұйымдастыруда.

«Gramad», «Magnum», «Фиркан» супермаркеттерінің 21 сауда нүктесі мен 5 базардағы жылжымалы орындарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары белгіленген бағада сатылуда.

«ФИРКАН»

БІРІНШІ СҰРЫП ҰН (1 келі) — 166 ТГ
КҮРІШ (1 келі) — 272 ТГ
ҚАЛЫПТЫ БӨЛКЕ НАН — 73 ТГ
ЖҰМЫРТҚА 10 ДАНАСЫ — 305 ТГ
ӨСІМДІК МАЙЫ (1 литр) — 422 ТГ
ТҰЗ (1 келі) — 47 ТГ
СИЫР ЕТІ /СҮЙЕКТІ ЖАУЫРЫН ТӨС БӨЛІГІ/ (1 келі) — 1900 ТГ
МАКАРОН /РОЖКИ/ (1 келі) — 212 ТГ

«Фирканның» 12 сауда желісінде әлеуметтік азық-түлік бағасы тұрақты.

«МАГНУМ»

БІРІНШІ СҰРЫП ҰН (1 келі) — 165 ТГ
КҮРІШ (1 келі) — 255 ТГ
ҚАЛЫПТЫ БӨЛКЕ НАН — 73 ТГ
ЖҰМЫРТҚА 10 ДАНАСЫ — 305 ТГ
ӨСІМДІК МАЙЫ (1 литр) — 422 ТГ
ТҰЗ (1 келі) — 50 ТГ
МАКАРОН/РОЖКИ/ (1 келі) — 187 ТГ
СИЫР ЕТІ /СҮЙЕКТІ ЖАУЫРЫН ТӨС БӨЛІГІ/ (1 келі) — 1904 ТГ
ҚАРАҚҰМЫҚ (1 келі) — 299

«Магнумның» 7 сауда желісінде әлеуметтік азық-түліктер бағасы тұрақты.

«Gramad»

БІРІНШІ СҰРЫП ҰН (1 келі) — 147 ТГ
КҮРІШ (1 келі) — 272 ТГ
ҚАЛЫПТЫ БӨЛКЕ НАН — 73 ТГ
ЖҰМЫРТҚА 10 ДАНАСЫ — 305 ТГ
ӨСІМДІК МАЙЫ (1 литр) — 421 ТГ
ТҰЗ (1 келі) — 50 ТГ
СИЫР ЕТІ /СҮЙЕКТІ ЖАУЫРЫН ТӨС БӨЛІГІ/ (1 келі) — 1904 ТГ
МАКАРОН /РОЖКИ/ (1 келі) — 208 ТГ
ҚАРАҚҰМЫҚ (1 келі) — 318
ҚҰМШЕКЕР (1 келі) — 194 ТГ
ҚЫРЫҚҚАБАТ (1 келі) — 107 ТГ
КАРТОП (1 келі) — 105 ТГ
ПИЯЗ (1 келі) — 114 ТГ
СӘБІЗ (1 келі) — 120 ТГ

«Gramad» 2 сауда желісінде әлеуметтік азық-түліктер бағасы тұрақты.