Шымкент қаласында «COVID-19» инфекциясын жұқтырған 9 жағдай анықталды

109
фото rbc.ru

Шымкент қаласында «COVID-19» инфекциясын жұқтырған 9 жағдай анықталды.

Ауру жұқтырғандар 1990ж, 1990ж, 1983,ж, 1987ж, 1931ж, 1990ж, 2010ж, 1959ж, 2014 жылғы Шымкент қаласының тұрғындары. Олар коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

20.04.2020 жылы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 80 адам анықталды.