Шымкенттің дамуына биыл 440 млрд. теңге бөлінген. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша бұл қаржы тұрғын үй құрылысы мен қалалықтар көтеріп жүрген коммуналдық мәселелер: коммуникациялар мен жолдарды салуға жұмсалмақ.

Биыл 11 елдімекенге су құбырлары тартылады. Көп жылдардан бері бұл шағынаудандардағы тұрғындарға ауыз су тасымалданып келген. 195 орамдағы тұрғылықты халықтың көптен бері коммуналдық мәселелері шешілмей келген. Ең маңыздылары- ауыз су және электр жарығы. Екі мәселе де осы жазда шешіледі деп уәде берді қала әкімі. Елдімекендегі тағы бір проблема жол мәселесі. Жаңбыр мен қар жауғанда жолмен жүру орам тұрғындары үшін қиындайтыны жасырын емес. Олар асфальт төсеп беруді сұранып жатқан жоқ. Тұрғындар коммуникация толық тартылғаннан кейін жол тегістелетінін түсінеді.
тұрғын: «Ана жақта тағы алты көше бар,  жолға  тас төселмеген».

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Коммуникациялар тартылмай жол құрылысын бастамаймыз. Әзірге тас төсеп береміз. Келешекте асфальт жолда болады».

Дәл осындай жағдай Абай ауданына қарасты 6 елдімекенде-Солтүстік саяжай-1 , Саяжай -2. Ынтымақ -2 , Тәуелсіздікке – 20 жыл, Жаңаталап пен Игілікте де бар.

Көп жылдары шешімін таппаған мәселенің енді түпкілікті шешілетініне тұрғындар сенімсіздік танытуда. Алайда әкім сендірді: барлығы болады.Тек сабырлық таныту керк. Қаражат бар. Техника, ресурстар жетеді».

Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабында жақында ғана карантин болған еді. Сондықтан  су құбырларын тарту жұмыстары шегеруге мәжбүр болған. Енді уақытты тиімді пайдаланып жұмысқа білек сынаба кірісу керек дейді шаһар басшысы:» Бригада алу керек жұмысты күшейту керек».
«3 аусымда жұмыс жасайды. :лгереміз. Жұмысты жандандырамыз» деп уәде берді  Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов.
Егерде мердігер мекеме қала әкіміне берген уәдесінде тұрса, онда биыл күзге дейін аталған елдімекендегі тұрғындардың мәселелері артта қалмақ.