Шымкентте екі жастағы баладан коронавирус анықталды

120
фото Tengrinews.kz

Шымкентте екі жастағы баладан коронавирус анықталды. Еске сала кетейік соңғы екі күн ішінде қаладан 7 науқас анықталған еді. Оның үшеуі кеше тіркелсе, төртеуі бүгін анықталды.

Қазір олар жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып жатыр. Жағдайлары қанағаттанарлық.

Олармен байланыста болған 81 адам табылған. Инфекция жұқтырғандар Солтүстік- Батыс, Қайтпас-1 және Сайрам тұрғын үй алабында тұрған екен. Осылайша қаладағы 6 ошаққа тағы 3 ошақ қосылды.

Назерке Үкібасова