«Шымкентте тағы да 58 адам коронавирус жұқтырғаны» туралы жалған ақпарат таратқан азамат ұсталды.

Ол «Отырар.кз» сайты хабарлады деп, «Қатерлі індетке шалдыққандар Самал, Самал-1, Қайтпас-1, Қайтпас-2, Асар, Құрсай, Бозарық шағынаудандарының тұрғындары, олар 300-ден астам адаммен байланыста болған», -деген мазмұнда әлеуметтік желіге жалған ақпарат жүктелгенін мойындады.

Шымкент қалалық прокуратурасының мәліметіне сай, енді ол жігіттің үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің 274-бабы, 4-бөлігімен (жалған ақпарат) іс қозғалды.

Мөлдір Бекеева