Амангелді Ергешбекұлы, Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері:

«Шымкентте құрылысы басталған 200 орындық модульдық инфекциялық госпиталь бірінші кезекте миллион тұрғыны бар қаламыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.

Осындай жедел шешім қабылдау арқылы бұл құрылыс коронавирус инфекциясы COVID19 пандемиясының өршуін тоқтату мақсатында іске асырылып жатыр. Аурухана стационар, жан сақтау сынды бірнеше бөліктен тұрады. Онда медицина қызметкерлері жатып жұмыс істейтін жай салынып, оған қажетті мамандар​ іріктеліп алынады.

Модульдық госпиталь санитарлық эпидемиологиялық талаптарға сай, қала құрылысы нормативтері мен архитектуралық заңнама толықтай сақталған. Бұл тұрғындарға қауіпті емес.Госпиталь инфекциялық аурулардың алдын алуды жақсартатын болады».