Шымкент қаласындағы ірі сауда орындарының іргелес жатқан аумақтарында дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.

Кезекті дезинфекциялау жұмыстары Тәукехан даңғылы, «Магнум» сауда маркетінде жүргізілді. Оған 35748 әскери бөлімнің 30 қызметкері және 1 АС машина жұмылдырылған.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында сақтық шаралары күшейтілуде. Қалада 18 блокпост жұмыс істеуде.

Еске сала кетсек, Шымкентте 31 наурыз күні сағат 21.00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізілді. Атап айтсақ, қалаға кіретін барлық жолдар жабылды. Автокөліктердің қалаға кіруі мен шығуына тыйым салынды. Тек транзитті жүк көліктері мен тіршілікті қамтамасыз ететін арнайы автокөліктерге рұқсат беріледі.