Шымкенттегі «Самал-1» шағынауданының Қ.Қазиев көшесімен шектесетін 3 көшесі карантинге жабылды.
Коронавирус жұқтырған науқас Н.Тайманов көшесінде тұрған. Осы көшеге жапсарлас жатқан Сәрсенбаев және Сүлейменов көшелері карантинге жабылды.
Аталған көшелерге кіруге және шығуға тиым салынады. Карантинді аймаққа 7 блок бекет қойылды. Абай ауданы әкімдігі мамандарының айтуынша бұл аумақта 70 үй орналасқан. Қазіргі уақытта карантин аумағындағы тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.