Шымкент: Карантин режимі тағы да ұзартылады

183

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қала аумағында коронавирустың таралуын алдын алу бойынша шектеу шараларын және қарантин режимін ұзарту туралы №5 -ші қаулысы шықты.

Құжатқа сәйкес эпиджағдайға байланысты азаматтарға вакцинаның бірінші, екінші компонеттерін қабылдап, ревакцинация жасау міндеттеледі. 65 жастан асқан азаматтарға қалада жүру шектелсін деп көрсетілген.

Сонымен қатар, Ашық жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда, ашық ауада, жабық үй-жайларда, оның ішінде үйде отбасылық, еске алу іс шараларын өткізуге әлі де тыйым салынған.

Базарлар, сауда орындары барлық санитарлық талаптарды орындай отырып жұмысын жалғастырады. Қоғамдық көліктерде қашықтықты сақтау, дезинфекция шараларын жүргізу міндеті тасымалдаушыларға жүктеледі.

Бас санитариялық дәрігер бетперде кию өз денсаулығыңыз және туған туыстарыңыздың амандығы үшін маңызды екенін атап өтті.

Шынар Оразова