«ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі комиссиясының 17.04.2020 жылғы шешімімен 18 сәуір 2020 ж. сағат 00.00-ден бастап Түркістан қаласында карантин режимі енгізіледі», — деп хабарлайды Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов фейсбуктағы парақшасында.

«Құрметті жерлестер!

ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі комиссиясының 17.04.2020 жылғы шешімімен 18 сәуір 2020 ж. сағат 00.00-ден бастап Түркістан қаласында карантин режимі енгізіледі.

Карантин кезеңінде талаптар мен шектеулер барлық жеке және заңды тұлғалар тарапынан орындалуы міндетті.

Қойылған талаптардың дұрыс орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жақын арада тұрғындарға онлайн рұқсаттама алу мүмкіндігін беретін арнайы платформа іске қосылады. Толығырақ ақпарат береміз.

Қалаған затыңыз қолжетімді жерде табылмаған жағдайда, басқа да дүкендерден онлайн тапсырыс беріп, үйге дейін жеткізу қызметі де өз жұмысын бастап кетті.

Жұмысы тоқтатылмайтын кәсіпорындар мен ұйымдар қызметкерлерінің жұмысқа дейін және қайта үйіне дейін жеткізілу механизмі қарастырылуда.

Мемлекеттік қызметтерді және басқа да көптеген қызметтер қазірдің өзінде интернеттен табылады.

Қадірменді достар!

Кез келген індеттің таралуын болдырмау өз қолымызда. Арамыз алшақтай түскенімен бұл қиын қыстау заманда да #birgemiz!», — дейді Рашид Абатұлы әлеуметтік желідегі жазбасында.