Түркістан облысында 900 шақырымнан астам жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі

103

 

Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 16 500-ден астам шақырымды құрайды. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі өткен жылы 74,1% құраса, биыл 77,6%-ға жеткізу көзделуде.

2019 жылы 1 740-қа жуық шақырым жол мен көшелерге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүріп, 1 300-дей шақырымы пайдалануға тапсырылды. 2020 жылы құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 917,9 шақырым жол мен көшелерді қамту көзделуде. Жыл қорытындысымен 605,6 шақырымы пайдалануға берілмек.

Облыс орталығы — Түркістан қаласы бойынша көшелердің жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайды. Былтыр 86,4 шақырым көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 33,6%-ға жетті. Биыл 135,5 шақырым көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Ағымдағы жылдың шілде айында аталған жұмыстар толығымен пайдалануға берілетін болады. Түркістан қаласында жақсы және қанағатты жағдайдағы көшелер үлесін 49,4%-ға арттыру көзделуде.