Қазіргі таңда Түркістан облысының жеке және заңды тұлғаларына электронды форматта 22 мемлекеттік қызмет толық қолжетімді.
Қолданушы qyzmet.iturkistan.kz геоақпараттық порталы арқылы қалаған қызмет түрін алуға болады.
Атап айтқанда, жер қатынастары, сәулет, жұмыспен қамтуды үйлестіру, ауыл шаруашылығы бойынша қызметтерді электронды жүйеде пайдаланады. Бұл қызметтер әзірге Түркістан, Кентау, Арыс қалаларында онлайн көрсетіледі. Алдағы уақытта толық аудандар осы жүйемен қамтылатын болады.
Айта кетерлігі, геоақпараттық порталдың қолданылуы және функциялары жайлы Түркістан қаласының жер қатынастары, сәулет, жұмыспен қамтуды үйлестіру, ауыл шаруашылығы саласынан тиісті мамандарға оқыту жұмыстары жүргізілді.
Порталда қызметтерді алу тәртібі:1)Тіркелу/Авторизация; 2)Қызмет таңдау; 3)Өтініш беру; 4)ЭЦҚ (ЭЦП) қою; 5) Шешімін алу.