21 сәуірдегі ақпаратқа сәйкес, Түркістан облысында тағы 5 адам індеттен айығып, жалпы облыс бойынша жазылғандар саны 18-ге жетті.
Ордабасы ауданының 2002 ж. тұрғыны, Кентау қаласының 1994 ж. тұрғынының соңғы талдама нәтижелері теріс көрсеткішке ие болды. Сондай-ақ, Арыс қаласының 1968 ж. 1988 ж. тұрғындары мен Арыс қаласының 2015 ж. сәбиі COVID-19 инфекциясын жеңіп шыққаны белгілі болды.
Атап өтейік, Ордабасы ауданының азаматы вирусты Шымкенттен жұқтырса, қалған 4 азамат Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы поезбен келген әйелмен жақын байланыста болған.