Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрболат Дербісов қалалықтарға брифинг барысында шектеу шаралары туралы айтып өтті.
«Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!
Короновирус пандемиясының таралуын жол бермеу мақсатында республика аумағында төтенше жағдай жариялағаны баршаңызға белгілі. Қазіргі таңда Шымкентте 3 адам анықталды.
Осы орайда қала әкімімен індеттің таралуын жол бермеу мақсатында қосымша шектеу шаралар енгізілді.
Яғни, а.ж. 31 наурызы сағат 21.00 бастап қалаға кіретін барлық жолдар жабылды және автокөліктердің кіруі мен шығуға тыйым салынды, тек транзитті жүк көліктерімен тіршілікті қамтамасыз ететін арнайы автокөліктерге рұқсат берілген және қала аумағында міндетті бетперделік режим енгізілді.
Осыған байланысты қала тұрғындарын үйде болуды, аса қажеттілік болмаса көшеге шықпауға және барлық санитарлық және гигиеналық нормаларды сақтауға шақырамыз. Үйде тұрмыстық өрттерді, улы және табиғи газбен улануды болдырмау мақсатында электр және басқа да құралдарды пайдалану кезінде барлық қауіпсіздік шараларын немесе өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды сұраймыз. Шымкент қ. ТЖД жеке құрамы күшейтілген түрде қызмет атқаруда. Департаменттің жеке құрамы барлық бетперделер мен дезинфекциялық құралдармен қамтылған.
Департаменттің барлық бағынысты бөлімшелерінде дезинфекциялық жұмыстар атқарылған, қазіргі таңда әрбір 2 сағат сайын үй-жайлар мен жабдықтарды залалсындандырылады.
Сондай-ақ, енгізілген шектеу шараларды халыққа жеткізу мақсатында Департамент екі мобильді автокөлік кешенін ұйымдастырған. Белгіленген маршрут бойынша дауысзорайтқыш арқылы шектеу шаралары халыққа жеткізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті атқарылуда. Сонымен қатар 30 республикалық және жергілікті телеарна мен 3 радиоарнасын тоқтатып, Шымкентте енгізілген шектеу шаралары халыққа әрбір 2 сағат сайын жеткізілуде.
Шымкент қаласы аумағында 12 блок-посттар жұмыс атқарып, құқық қорғау органдары өз міндеттерін атқарып келуде. Департамнттің тәулік бойы жұмыс атқаратын «101» және «112» телефон арқылы халықтан хабарламалар қабылдануда. Барлық телефон хабарламалар бойынша көмек көрсетілуде.
Құрметті жерлестер! Барлық сақтық шараларын сақтай отырып, сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етесіз! Сіздің қауіпсіздігіңіз елдің қауіпсіздігі, осыны естен шығармайық. Біз сіздер үшін жұмыста қалдық, Сіз біз үшін қажетсіздік болмаса үйден шықпаңыз! Бірге барлық қиындықтарды жеңеміз!
Біз біргеміз!».