Жетісай ауданының тұрғыны коронавирустан қайтыс болды

256

Түркістан облысында соңғы ақпаратқа сәйкес, коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам тіркелді. Жалпы саны өңірде 23 адамда коронавирус індеті расталды. Жетісай ауданының 1956 жылғы тұрғыны коронавирус инфекциясынан 4 сәуір күні қайтыс болды.

Қазіргі таңда Жетісай ауданында – 11, Кентау қаласында 2, Арыс қаласы – 1, Ордабасы, Сарыағаш – 1, Мақтаарал – 4, Сайрам ауданында – 2 адамнан вирус анықталды. 1 адамның өлімі тіркелді.

Олар осыған дейін COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған.

Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда.

Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

 

QAINAR KÓZТүркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі