Үйінің ауласына көкнәр өсірген…

64
фото ernur.kz

Өсіруге тыйым салынған есірткі затын үй ауласына егіп баптауға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған азаматқа бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қылмыстық құқық бұзушы З.Д. өсіруге тыйым салынған көкнәрдің сұрыптарын ірі мөлшерде егіп-өсіру мақсатында, 2023 жылғы 20 наурызда Жетісай ауданы, Атақоныс ауылындағы өзінің тұрғын үйінде сақтап жүрген көкнәр өсімдіктерінің тұқымдарын жеке басына пайдалану мақсатында үйінің ауласындағы бірнеше шаршы метр жерге жүйек алып заңсыз егіп, өсіріп, суғарып, күтіп, баптап ірі мөлшерде 10 600 түп көкнәр өсімдігін заңсыз өсірген.
2023 жылы маусым айында Жетісай АПБ-нің қызметкерлерімен сотталушы З.Д-ның тұрғын үйіне келіп тінту жүргізген, тінту барысында үйінің ауласынан бірнеше шаршы метр жерден 10 600 түп көкнәр өсімдігін тауып ағақты зат ретінде алынған.
Сотталушының осы әрекеті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігі 3) тармағымен қылмыстық іс қозғалған.
Қылмыстық іс сотта қаралып, істі қарау кезінде сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындап, көкнәр өсімдіктерінің жеке басына пайдалану мақсатында өсіргенін, бүгінде жасаған әрекеттеріне шын өкінетінін айтып, өзіне жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Сотталушы З.Д.-ға жаза тағайындау кезiнде жасаған қылмысының сипатын, қылмыстық жауаптылығын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар жиынтығын, жеке басының деректерін, алдын шартты түрде сотталып, пробациялық бақылауда жүріп одан тиісті нәтиже шығармай, қайта ауыр қылмыс жасағанын, жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін және сипатын ескеріп, оған бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енгеннен кейін сотталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болады.
Үкім заңды күшіне енбеген.