Полиция департаментінің мәжіліс залында өткен салтанатты шарада , Түркістан облысы ПД басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Құрманбек Сахов арнайы құттықтау сөзін сөйлеп, халықтың тыныштығы үшін қызмет етіп, күндіз-түні еңбек етсе де шаршамайтын ПД-нің полицейлері мен Ұлы Отан соғысында ерлік көрсетіп, жеңіске жетуге ат салысқан ардагерлерге өз лебізін білдірді.

Сонымен қатар, жиынға қатысушылар ПД-де ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, өмірден озған Ұлы отан соғысы ардагерлерінің рухына бас иіп, тағзым етті.

Қос мерекеге орай өздерінің қызметтерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін полиция майоры Есенғали Бейсебаев «Кезектен тыс полиция подполковнигі» шенін алса, «Бір саты жоғары полиция подполковнигі арнаулы атағын» полиция майоры Серік Естаев иеленді.

Сондай-ақ, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен полиция майоры Ақжигит Табылдиев марапатталды.

Аталған мамыр айындағы ел қорғандарына тиесілі екі бірдей мерекеде «ҚР ІІМ-нің Құрмет грамотасымен» полиция полковниктері Алтынбек Амирбеков, Салтанат Қаракөзова марапатталды.

II дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» омырау белгісі полиция капитандары Азат Мұсырманқұловқа және Алмас Турымбековке тағылды.

Ал, ІІМ Грамотасымен полиция капитаны Жаннұр Ғашахова, Казым Рашидов марапатталды.

Бұдан бөлек, Департамент бастығының бұйрығымен 34 грамота, 34 алғыс хат, 43 алғыс жарияланды. 8 қызметкердің тәртіптік шарасы мерзімінен бұрын алынды. Тәртіп сақшыларының барлығы да қылмыстың алдын алуда ерен еңбек етіп жүргендер.

Айтулы іс-шара соңында еңбегі еленіп, марапатқа ие болған тәртіп сақшылары өздерінің шынайы алғыстарын жеткізіп, бұл марапаттар – алдағы жұмыстарына жаңа серпін беретінін айтып өтті.