Учаскелік инспекторға жүктелер негізгі міндет – белгіленген әкімшілік аумақта профилактикалық іс-шаралар атқарып, қылмысты болдырмау және алдын алу. Ең бастысы халықпен тығыз қарым қатынаста жұмыс істеп, қоғамның тыныштығын сақтау.

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Қуаныш Бегімқұловты көпшілік қырағылымен танылған тәртіп сақшысы деп біледі.

Қуанышқа берілген әкімшілік аумақта алты мыңға жуық халық бар. Жеті жүзден астам тұрғын үй орналасқан. Тәртіп сақшысы әрбір көшені аралап түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдармен жеке – профи¬лактикалық жұмыстар атқарады, отбасы – тұрмыстық ортада жасалатын және өзге қылмыс¬тардың алдын алады.

– Көбінесе отбасылық кикілжің бойынша шақыртулар түседі. Сондай-ақ, көршісімен ұрысушылар болады. Түнгі тыныштықты бұзу, балағаттау секілді біраз жағдайлар бойынша шақыртып жатады. Барып жеке-жеке жұмыс жүргіземіз. Одан бөлек, бұрын сотты болғандар мен мерзімінен бұрын босап келгендерді қадағалаймыз – дейді ол.

Қуаныш Күмісбекұлы қызмет бабында пәтер ұрлығын, қалта ұрылығының ашылуы ұйытқы болған. Зауыттан қолды болған үлкен цистерналардың табуға үлес қосқан.
Полиция майоры әрбір көшенің аралап, тұрғындармен кездесу барысында тұрғын үйлерді, көліктерді, төрт-түлікті және өзгеде жеке нысандарды қараусыз қалдырмауды ескертеді. Терезелерге темір тор орнатып, дүкендерді арнайы пультке қосуға шақырады. Себебі, әрбір адам өз мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек.

Шымкент қалалық ішкі істер бөлімінде көптеген жылдар бойы қызмет еткен оның бұл істе тәжірибесі мол. Қалқысыз еткен қызметіне орай басшылық тарапынан да алған алғыстары көп.

Бүгінде тәртіп сақшысы үш ұл, төрт қыздың әкесі. Олардың алды 14 жасқа толса, кішісі биыл бір жасқа қадам басты. Жұбайы бар уақытын бала тәрбиесіне арнаған. Жайдары жұп бос уақыттарында балаларының сабақтарын бақылап, тәрбиесін қадағалайды. Қыдыртып, әрбір сәттің көңілді өтуіне барын салады.

Қайрат ЗАЙНИШЕВ