«BAQYTTY JANÚIA» орталығы аналарға қуаныш сыйлайды

123

Сіз білесіз бе?! Шымкентте аналарға арнап үй жағдайында табыс табуға көмектесетін арнайы тегін курстар қарастырылған. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Бақытты жанұя» орталығында 8 түрлі салада біліктілігіңізді жетілдіріп, кәсібіңізді дөңгелетіп әкетуге мүмкіндігіңіз бар. Бүгінде, қаладағы аз қамтылған және көп балалы аналар аталған мүмкіндікті пайдаланып, білімін жан-жақты жетілдіріп жатыр.

Қаламыздағы «Бақытты жанұя» орталығында жыл басынан бері 7 мыңнан астам анаға қызмет көрсетіп, арнайы тегін сабақтар өткізілді. Солардың бірі – Сабира Байзақова. Ол мекемедегі маманнан массаж жасау кәсібін үйреніп, өз тәжірибиесін жетілдіріп жүр.

Екі баланың анасы, массаж жасау ісі – әрбір ана үшін ең керекті қабілеттің бірі, дейді. Ол аталған саланы жетік меңгеруде, бұл орталықтың өзі сияқты әйелдер үшін үлкен мүмкіндік екенін айтады. Үйренген ісін болашақта кәсіпке айналдыруды көздеген келіншек, оны ары қарай дамытқысы келетінін жеткізді.

Сабира Байзақова, Шымкент қаласының тұрғыны: «Бес күндік жедел курс оқимыз бұл жерде. Жедел курстың бағдарламасында сәбиге ана мен балаға бір біріне өзінің қолы арқылы таралатын жылуды қарапайым ғана нәрселерден бастап үйретеді. Әрбір баланың өсу кезеңі, этапына – массаж керек нәрсе деп ойлаймын. Осы курс барысында алған сертификатты ары қарай өзімнің жаңағы өмір сүріп жатқан елді мекенде , жаңағы өзіміз тұратын үйде жүзеге асырып ары қарай дамытқым келеді».

Аз қамтылған және көпбалалы аналарға кәсіп игеруге қолдау көрсетуді мақсат тұтқан мекеме, бүгінде еліміздегі ең үздік орталықтардың қатарында. Мұнда массаж жасаудан бөлек, Компьютерлік сауаттылық, шаштараз, дефектолог-логопед сынды сұранысқа ие – 8 түрлі салада тегін сабақ алуға болады.

Мұнда әр сабақ керекті құрал-жабдықпен толығымен қамтылып, жүйелі кестеге құрылған. Сондай-ақ, орталықта өмірлік қиын жағдайға ұшыраған әйелдерге психологиялық көмек көрсетіліп, кәсіп үйренуде жан-жақты жағдай қарастырылыпты. Мекеме қызметкерлері, оқу курстарын тәмамдаған азаматшаларды барынша жұмыспен қамтуға тырысамыз дейді.

Ерлан Әлжанов, «Baqytty janúia» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары: «Ол оқу курстарында әрбір азаматшаға тегін қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар олар көпбалалы аналар болады. Көптеген оқу орындарында тек қана балаларына қарайтын орын жоқ. Бізде көріп отырсыздар аналар егер балалармен келсе де оларға қарап отыратын арнайы мамандарымыз бар, мұны аналардың оқып білім алуына ешқандай кедергі келтірмеу мақсатында жағдай жасап отырмыз. Қазіргі таңда оқу курстарына көптеген азаматшалар келеді. Қандай жағдайда келеді ол курсқа келеміз деп келмейді біріншіден олар түңілгеннен, бір отбасылық жағдай жағдайына байланысты психикалық ауытқулар болады, агрессивті жағдай болады сол кезде азаматшалар келеді бізге».

Көп балалы ана Еркінай Көшкінбаева орталықта тігін ісін үйретуші маман болып қызмет етеді. Ол осыдан үш жыл бұрынғы қалін есіне түсіріп, бұл мекеменің жаңа өмір бастауда үлкен көмегі тигенін айтады. Еркінай өзі секілді тігін тігіп, кәсіп үйренсем деп келген келіншектерге, құрақ көрпе, қыз жасауы мен түрлі ою-өрнектерді кестелеп үйрету басты масатым дейді. Ал үй жағдайында бұл істі шағын кәсіпке айналдырып, тапсырыс қабылдайды екен. Сондай-ақ, келіншек бұл істе өзіне 12 жасар мүмкіндігі шектеулі баласы көмектесетінін жеткізді.

Еркінай Көшкінбаева, үйретуші шебер: «Осы жерде оқыдым 3 ай, сосын «Атамекенге» жүгініп, ол жақтан 555 мың ұтып алдым. Сосын бірден үстіне ақша қосып тігін машина алдым. Мысалы мен ол машинканы білмейтінмін. Арнайы оқыдым, оны да ары қарата жалғастырдым.  Компьютермен жұмыс жасаймыз. Ол компьютердің бәрін көбінесе менімен, кішкентай балам бар 12 жасар, сол екеуміз меңгердік. Балам көбінесе компьтерде оюлардың бәрін жазып береді, мен ары қарай өзім тігемін».

Айта кетейік, «Бақытты жанұя» орталығында арнай сабақтардан бөлек, қызметкерлер келішулерге психологиялық, құқықтық кеңес береді. Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, тұрғын үй кезегіне тұру, Еqov.kz порталынан қызмет алу мәселелері бойынша көмектерін ұсынады. Ал, бүгінге дейін 250 ге жуық анаға аталған 8 сала бойынша сертификат табысталған.

Аида Қарсыбайқызы