Мемлекеттік қызмет жүйесін электронды форматта жетілдіру және оған азаматтардың еркін қолжетімділігін қаматамасыз ету — Мемлекет басшысы қойған аса маңызды стратегиялық міндет.

Бүгінгі таңда, Шымкент қаласында 315-ке жуық өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасалуда. Бұл қызмет бұрыштары – мемлекеттік мекемелерде ұйымдастырылып, көп сұранысқа ие анықтамаларды алу кезінде ұзақ кезектілікті ХҚКО-на бармай болдырмау мақсатында қызмет етеді.

Осы орайда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті 2Гис компаниясымен бірлесіп, қоғам арасында үлкен танымалдыққа ие сервистік 2Гис мобилдік картасына қаланың өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын орналастыру жұмыстарын жасады.

Өз кезегінде, бұл атқарылған жұмыстың нәтижесі қала тұрғынарындарына көптеп пайда беретіндігіне сенімдіміз!