Қашықтан оқыту мүмкіндіктері

396

Әлемді шулатып жатқан коронавирус әлемдегі 421 млн білім алушыға кері әсерін тигізді деген дерек бар. 10 наурызда коронавирус індетін таратпау мақсатында ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде білім министрлерінің шұғыл отырысы өтті.

Онда 15 мемлекет білім мекемелерінің бәрін жабу туралы шешім қабылдаса, тағы 14 мемлекет соған сай әрекет ететінін мәлімдеді. Біздің елімізде де GOVID-19 коронавирусының таралуына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдады. Соған орай еліміздің білім беру саласы қашықтан оқыту жүйесіне көшті.

ҚР Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетовтің басшылығымен еліміздің білім беру ұйымдары қашықтан оқыту үдерісіне көшті. Білім және ғылым министрлігі нақты қызу іске кірісіп, еліміздегі 3 миллионнан астам оқушының тиісті білім алуын қамтамасыз ету жағын шұғыл қолға алды. Бұған дейін ұстаздың қарсы алдында отырып сабақ алған бала алғаш рет компьютер мен смартфонға үңілді. Ал қашықтан оқытуға “Balapan” (қазақ тілінде) мен “Еларна” (орыс тілінде) телеарнасы да атсалысып жатыр.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің басшылығымен аз уақытта жұмыс тобы құрылып, мамандар жаңа форматтағы білім жүйесінің моделін жасады. “Індет кезеңінде оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша уақытша шаралар енгізген көршілес елдердің тәжірибесі, халықаралық тәжірибе зерделенді. Мектеп оқушылары 4-тоқсанды қашықтан оқыту жүйесінде бастады. Міне, санаулы күндерден кейін биылғы оқу жылы да қашықтан оқыту жүйесінде аяқталмақ. Осы қашықтан оқыту үдерісінде қандай кедергілер, қиындықтар, ерешеліктері және нәтижелері болды, осы мәселелерге жауап алу мақсатында Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №90 жалпы орта білім беретін мектебінің қашықтан оқыту үдерісін сөз еткелі отырмыз.

№90 жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдері көктемгі демалыс уақытында балаларды жаңаша оқытуға дайындық жұмыстарын жүргізді. Цифрлық платформаларды, атап айтар болсақ, ZOOM платформасын, WhatsApp мессенджерін қолдана отырып, ата-аналармен, оқушылармен жиналыстар, вебинарлар өткізіп, қашықтан оқыту нұсқаулықтарымен таныстырды. Алғашқы сынама сағаттарын өткізді. Онлайн форматта оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында #Біз үйдеміз, #Біз біргеміз деген хештегтермен түрлі челлендждер, бейнебаян байқауларын ұйымдастырды. Ал, мектеп мұғалімдері оқушылар үшін бейнесабақтар әзірледі. Мектеп ұстаздарының онлайн форматта үйде өз күшімен, ешқандай арнайы құрылғыларсыз, ұялы смартфондары арқылы түсірген бейнесабақтары «Өрлеу» ПҚБАИ тарапынан сараланып, іріктелініп, үлгілі сабақ ретінде жүлделі орындарға ие болған ұстаздарымыз да баршылық. Атап айтар болсақ, математика пәнінің мұғалімі Шөкеманов Ержанның, дүниежүзі тарихы пәнінің мұғалімі Есенбекова Күлімкөздің бейнесабақтары жүлделі 1-орынға ие болса, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Каримбаева Нағиманың бейнесабағы жүлделі 2-орынды иеленді.

№90 жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы қашықтан оқыту форматында интернет-платформаларды таңдау шаралары оқушы мен ата-ананың әлеуметтік жағдайына, мүмкіндіктеріне қарай орайластырылды. Әлеуметтік жағдайы төмен және балаларына техникалық құралдарын алуға жағдайы жоқ 9 отбасы ноутбукпен және 25 мамырға дейін 4 G интернеті қосылған 8 дана Аltel SIM картасымен мектеп тарапынан қамтамасыз етілді. Қашықтан оқыту үдерісі мектеп директоры А.Ш.Орынбековтың үнемі назарында. Кез-келген мәселені өзі тікелей қадағалап, мектеп ұжымымен, ата-аналармен, тіпті, оқушылармен үнемі байланыста болып, туындаған кедергілерді уақытында оңтайлы шешіп отырады.

Мектептің педагогикалық қызметі қашықтан оқытудың қолайлы, қолжетімді және ыңғайлы форматтарын ескере отырып ұйымдастырылды. Цифрлық құрылғылармен қамтамасыз етілмеген оқушылар БАЛАПАН» телеарналарынан телесабақтарды көріп, сол бойынша тапсырмаларды орындап, WhatsApp мессенджерінде орындаған тапсырмаларды өзіне ыңғайлы уақытта жіберіп, мұғалім оқушылармен аталған мессенджер арқылы кері байланыс орнатуда. Қашықтан оқыту үдерісі мектеп үшін қатаң бекітілген дәстүрлі кесте бойынша емес, икемді, жеке кесте бойынша өтуде.

Бастапқы кезде мұғалімдер қобалжыған болса, «Көз қорқақ, қол батыр» демекші, қандай жағдайға да тез төселетін, кез-келген жағдаяттан шыға білетін ұстаздар қауымы қашықтан оқытудың да кедергілерінен өтіп, қашықтан оқыту барысында да №90 жалпы орта білім беретін мектебінің талантты ұстаздары мен дарынды оқушылары білім, өнер және басқа да салаларда көптеген жетістіктерге қол жеткізуде.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы 14-16 cәуір күндері республикалық«ПедСтарт» қашықтық олимпиадасын өткізген болатын. Аталмыш олимпиадаға ережеде көрсетілген барлық пәндер бойынша мектеп мұғалімдері ерікті түрде қатысып, барлығы да жүлделі орындарды иеленді: 1 – 2-дәрежелі дипломдарды – 22 мұғалім, 3-дәрежелі дипломды – 30-дан астам мұғалім иеленді. Шымкент қаласы мәдениет басқармасы ұйымдастырған «Жырым, сенсің, туған жер» атты шығармашылық онлайн байқауға қатысуға 70-ке жуық оқушы қатысып, 3 оқушы арнайы жүлделі орындарға, ақшалай сыйлықтарға ие болып, қалғаны Дипломмен марапатталды. «Золотое Руно» халықаралық олимпиадасына 22 оқушы қатысып, 1-орынға 9 А сынып оқушылары Әбдірахман Айару мен Ақжан Ақбота, 2-орынға Тоқтабекова Жансая қол жеткізді, жетекшілері – тарих пәнінің мұғалімі К.Есенбекова. «Алтын Орданың 750 жылдығына арналған» онлайн викторинаға 17 оқушы қатысып, оның ішінде, 1-орынды – 12, 2-орынды – 3, 3-орынды – 2 оқушы иеленді. Республикалық «Ой сана» қашықтық олимпиадасына 3-оқушы қатысып, 1-орынға – 1, 2-орынға – 2 оқушы ие болған. Ағылшын тілі пәні бойынша ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz сайтында өткізілген республикалық олимпиадасына Анаркулова Әсем қатысып, ІІІ орынға ие болды, жетекшісі Б.Ерназарова Абдуллаев Қыдырәлі қатысып, Өмірбай Ұлбала ІІ орынға ие болды, жетекшілері А.Амирова. Республикалық «Ағылшын тілі» Блиц турниріне Қаратай Дінмұхамед қатысып, І орынға ие болды, жетекшісі М.Аширова.

Халықаралық 5-сыныптар арасындағы олимпиадаға қатысып, Искаков Ержігіт І орынды иеленді, жетекшісі А.Егенберді. Республикалық «Ағылшын тілі» Блиц турниріне пән мұғалімдері М.Аширова мен Ш.Меңліқадырова қатысып, І орынды иеленсе, осы мұғалімдер және А.Амирова Республикалық ұстаздар арасындағы олимпиадасына, www.nio.kz Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадасына, ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz сайтында өткізілген республикалық олимпиадасына қатысып және Халықаралық ұстаздар арасындағы олимпиада, І, ІІ орындарға ие болды. Орыс тілі пәні бойынша Республикалық оқу-әдістемелік «Просвещение» орталығы, Республикалық «Занимательный мир алфавита», «Сопоставительная грамматика русского и казахского языка», «Профессиональная компетентность: учитель русского языка», «Обучение тому, как учиться» және «Знаток русского языка» олимпиадаларына М.Кыркынбаева, А.Сайдакбарова, З.Кугедиева, Р.Шахабаева қатысып, І, ІІ орындарға ие болды. І Республикалық онлайн олимпиадасына қатысып, З.Оспанова І орынды иеленді.

Республикалық оқу-әдістемелік «Просвещение» орталығының «Педагогический мир Казахстана» журналына М.Кыркинбаеваның «Слова-паразиты — обычное явление в речи современных людей», Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоғамдық қоры мен «Самғау»республикалық ғылыми –әдістемелік журналының меморандумы аясында «Использование видео на уроках русского языка как эффективный метод обучения» және Р.Шахабаеваның «Ерлік өнегесі жастардың патриоттық рухта тәрбиелеу құралы» атты мақалалары, Республикалық «Білім санаты» журналына Г.Мауленованың «Музыка в моей жизни», Ә.Ембердінің ««Метеорология – наука о погоде», К.Бектұрғанованың «Урок-конкурс Звездный час» атты ашық сабақтары жарық көрді. Физика және информатика пәндері әдістемелік бірлестінің онлайн режимінде 23-29 сәуір аралығында «Жаратылыстану-математикалық» бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы өтіп, 8В сынып оқушысы Әшірәлі Назым 2-орын, 8Г сынып оқушысы Анаркулова Асем 1-орын, 8Д сынып оқушылары Өлмесхан Аида 1-орын, Әбдімүтәліп Асхат 2-орын, 8 Ж сынып оқушысы Баймахан Фариза 2-орын, 7З сынып оқушысы Жаксылык Сабина 2-орын, 7 И сынып оқушылары Баймахан Гүлзина 1-орын, Бурханов Арыслан 2-орын алды. “Білім шыңы-Ғылым сыры” редакциясы және “Президенттік Жас Ұлан” жастар ұйымының ұйымдастыруымен өткен “ПӘН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ – 2020” пәндер олимпиадасына Балхибекова Айжан, Абдукаримова Анаркүл, Болысбаев Бактияр, Абдугаппаров Қуаныш, Бужбанова Меруерт, Қартабай Гүлбану, Абдураева Гүлхан қатысып, Алғыс хатқа ие болды. Информатика пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық «Қазақстандық интернет олимпиадасына» Бужанова Меруерт, Болысбаев Бактияр, Абдугаппаров Қуаныш қатысып, Сертификат иеленді.

«Самғау» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналына мақалалар, ашық сабақтар, сабақтан тыс іс- шаралар, эссе, сценарийлер жариялаған мұғалімдер: Балхибекова Айжан, Бужбанова Меруерт, Болысбаев Бақтияр. Математика пәні бойынша қашықтан оқыту барысында қол жеткізген жетістіктер: Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық жасөспірімдер онлайн олимпиадасына 15 оқушы қатысып, І орынды – 5, ІІ орынды – 8, ІІІ орынды – 2 оқушы иеленді. «Кенгуру –математика барлығы үшін» халықаралық математикалық конкурсына 153 оқушы қатысып, 91 оқушы – І орынға, 36 оқушы – ІІ орынға, 26 оқушы – ІІІ орынға ие болған. «Ustaz tilegi» халықаралық математикадан оқушылардың арасында онлайн олимпиадасына 3 оқушы қатысып, І орынды иеленді. Мұғалімдердің түрлі байқаулары, интернет олимпиадаларына 16 мұғалім қатысып, 12 мұғалім – І орынға, 2 мұғалім – ІІ орынға, 2 мұғалім – ІІІ орынға ие болды.

Үздік жас педагог байқауына Е.Айдарбеков қатысып, І орын алып, «Үздік жас педагог» төсбелгісімен марапатталды. Химия және биология пәндері бойынша Республикалық жасөспірімдер онлайн олимпиадасына 12 оқушы қатысып, 6 оқушы – І орынды, 4 оқушы – ІІ орынды, 2 оқушы – ІІІ орынды иеленді. «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығы «Жас ғалым» атты ХІІІ Республикалық оқушылар мен студенттердің ғылыми жұмыстары сайысында оқушысы жоғары жетістікке қол жеткізіп, жүлдегер атанғаны үшін З.Төлешова марапатталды. Reo.kz cайты мұғалімдер арасында ұйымдастырған «Химия» пәнінен олимпиадаға З.Төлешова қатысып, ІІІ орынға ие болды. Көркем еңбек пәні бойынша «Біз біргеміз» сурет байқауына Жиымбай Е., Сапарова М. қатысып, Дипломға ие болса, «Көктемнің түрлі түсті бояулары» «ZIAT»Ғылыми әдістемелік орталығының Республикалық сурет байқауына 4 оқушы қатысып, 3 оқушы – І орынға, 1 оқушы – ІІ орынға ие болды, жетекшілері – А. Агибаева. «Дәстүрлі қолөнерді қолданайық» көрме жәрмеңкесіне, «Педагогикалық шеберлік журналына», «Көктемнің түрлі түсті бояулары» «ZIAT»Ғылыми әдістемелік орталығының Республикалық сурет байқауында, «Біз біргеміз» сурет байқауында балалармен жақсы жұмыс жасағаны үшін және Daryn.onlain, Kaztest.kz, «Көркем еңбек»пәнін оқытудың теориясы мен технологиясы байқауларына әдістемелік бірлестік мұғалімдері белсенді түрде қатысып, Диплом, Сертификат және Алғыс хаттармен марапатталды. Бастауыш сынып бойынша 4 сыныптар арасындағы Халықаралық математикалық олимпиадаға 10 оқушы қатысып, 7 оқушы – І орынға, 2 оқушы – ІІ орынға, 3 оқушы – ІІІ орынға ие болды. Халықаралық «Кенгру»математика олимпиадасына 95 оқушы қатысып, 55 оқушы – І орынды, 28 оқушы – ІІ орынды, 11 оқушы – ІІІ орынды және 1 оқушы – Сертификат иеленді. «Ой-сана» Республикалық қашықтық олимпиадасына математика пәні бойынша 13 оқушы қатысып, 10 оқушы – І орынға, 3 оқушы – ІІ орынға, ІРеспубликалық «Қазақстан үміті» байқауына 1 оқушы қатысып, І орынға ие болды.

Абайдың 175 жылдығы байқауына 2 қатысып, І орынды иеленді. Кемел Академик мектебінің байқауына 1 оқушы қатысып, ІІ орынға ие болды. «Золотое руно» интеллектуалды ойынына 1 оқушы қатысып, ІІІ орынға ие болды Республикалық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» байқауына 7 мұғалім қатысып, Алғыс хатқа, Республикалық Бастауыш сынып қашықтық олимпиадасына 5 мұғалім қатысып, 2 мұғалім – І орынға, 2 мұғалім – ІІ орынға, 1 мұғалім – ІІІ орынға ие болды. Халықаралық жоба, «Ustaz tilegi»Республикалық ғылыми-әдістемелік ұстаздар олимпиадасына 2 мұғалім қатысып, І орынға ие болса, сайтында 4 мұғалім түрлі жарияланымдар жариялап, Сертификатпен, ал 5 мұғалім осы сайттың оқушыларға арналған олимпиадаларына жеңімпаздар дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. Халықаралық Бастауыш сынып ұстаздар арасында олимпиадасына 2 мұғалім қатысып, ІІ, ІІІ орындарға ие болған. Республикалық бастауыш сынып ұстаздары арасында өткен олимпиадаға 2 мұғалім қатысып, ІІІ орынды иеленді. Akadem.kz ұйымдастырған «Жүзден жүйрік» байқауында «Үздік» сабақ көрсеткені үшін 2 мұғалім Алғыс хат алды.

Ұлттық интернет олимпиадаға 2 мұғалім қатысып, ІІ, ІІІ орындарды иеленді. Республикалық математика пәнінен 4-сыныптар арасында олимпиадаға жеңімпаздарды дайындағаны үшін Қ. Искакова Алғыс хатпен және Егемен еліміздің бәсекеге қабілетті жас ұрпағын оқыту мен тәрбиелеуде кәсіби шығармашылық пен заманауи ой-пікір танытқаны үшін Мадақтамамен марапатталды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі С.Кадиров «Мектеп ұстаздарының әлемі» Республикалық педагогикалық журналының Алғыс хатына ие болды. Мектептің барлық пәндер бойынша 60 шақты ұстазы «Кемеңгер мұғалім» қашықтан оқыту олимпиадасына қатысып, 20- дан астам мұғалім – І орынға, 15 шақты мұғалім – ІІ орынға, 25 мұғалім – ІІІ орынға ие болды. Қандай жағдайда да жасайтын, жетістікке жететін адамға мүмкіндік көп, ал, ешнәрсені мақсат етпейтін адамдардың сылтау іздейтіні шындық. Қашықтан оқыту үдерісінде білім, өнер салаларында оқушылар мен ұстаздар жоғарыдағыдай жетістіктерге қол жеткізіп жатса, ұлы ойшыл, әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деп айтқанындай, тәрбие саласында да көптеген іс-шаралар атқарылып жатыр.

Қашықтан оқыту басталмай тұрып, оқушыларды қашықтан оқытуға дайындау және көктемгі демалыста бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында #БІЗБІРГЕМІЗ, #БІЗҮЙДЕМІЗ хэштегтерімен түрлі онлайн челлендждер мен байқаулар ұйымдастырылып, Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Абай шығармаларын, қарасөздерін және әндерін орындаудан онлайн сайыстар өткізілді. 2020 жылы 2 сәуір күні мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Е.Оңалбек пен Г.Гасанов сынып жетекшілермен бірге 1-11 сынып оқушыларының ата-аналары арасында «Қашықтан оқыту ережесі және өткізілетін іс-шаралар» тақырыбында ZOOM қосымшасы арқылы Республикалық онлайн ата-аналар жиналысын өткізді және үнемі ата-аналармен, оқушылармен тәрбие бағытында кеңес беру, қолдау көрсету мақсатында онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы және WhatsApp мессенджері арқылы вебинарлар, семинарлар өткізіп отырады.

Төтенше жағдай кезеңінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 1- 11 сынып оқушылары арасында челлендж өткізіліп және олардың нәтижелері мектептің Facebook парақшасында жарияланды. Және барлық онлайн байқаулар, сайыстар мектептің Facebook парақшасында жарияланып, оқушылар, ата-аналар және мектеп ұжымының ашық түрде дауыс беруі, яғни, жинаған лүпіл(лайк) және пікір саны арқылы әділ түрде анықталуда. 1 мамыр Қазақстан Республикасы халықтарының ынтымақ, бірлігі күніне және 9 мамыр Ұлы Жеңістің 75 жылдығына, Ұлы Абайдың 175 жылдығына, Әлемнің Екінші ұстазы Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған онлайн форматтағы іс-шаралары жоғары деңгейде өткізіліп, әлеуметтік желілерге жарияланып, көпшілік назарына ұсынылуда. 11-сынып оқушылары да назардан тыс қалмаған. Оларға арнайы чаттарда қосымша сабақтар өткізіліп, кеңес берулер жүргізілуде. Қашықтан оқыту барысында да өздерінің нәтижелі еңбектерінің жемісін көріп отырған №90 жалпы орта білім беретін мектебінің басшысы Орынбековтың өз ұжымымен бірге ешқандай қиындыққа мойымай, алда талай жетістіктерге қол жеткізіп, биылғы жылы да қала мектептері ішінде ҰБТ көрсеткіші бойынша алғашқы орыннан көрінетініне сенім мол.

Республикамыздың кейбір мектептері қашықтан оқытудың қиындықтары мен проблемаларын алға тартып жатқанда, қашықтан оқыту үдерісін шебер ұйымдастыра біліп, осындай жетістіктерге қол жеткізіп отырған мектеп ұжымын басқа мектептерге үлгі ете отырып, нағыз ұстаздың кез-келген тығырықтан жол табатынына көз жеткіздім деп ойлаймын.

М.А.Абдираимова
Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету
департаментінің бас маманы