Президент мемлекеттік органдарға қымбат көлік пен жиһаз сатып алуға тыйым салғаннан кейін бюджет қаражаты әжептеуір үнемделді. Осы текстес ысыраптарға рұқсат берілмегендіктен Шымкентте 1, 2 млрд. теңге жұмсалмай қалды. Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі өкілдері ұйымдастырған брифингте айтылды.
Бюджет қаражатының игерілуіне жауаптылар үнемделген ақшаны еңбек нарығына қажетті жұмыс орындарын ашуға бағыттап отыр. Айта кетейік, соңғы 5 жылда қала бюджеті 4 есеге көбейген. Бүгін мегаполис қазынасы 441 млрд. теңгені құрады.
Жанболат Олжатай, Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары: «Біз шығыстарды қайта қарап шықтық, 1,2 млрд теңгені қысқартуды ұсындық. Бұл қаражатқа жаңа жұмыс орындары ашылатын болады».
Мақпал Рысбаева