Жиһаз саласындағы ең танымал брендтердің бірі Шымкент қаласында өз дүкенін ашты. Тассай елді мекенінен бой көтерген «Zebrano» дүкендер желісі үшінші мегаполис тұрғындарына әлемдік стандарттарға сай сапалы өнімдер ұсынады. Қазақстандағы екінші нүкте шымкенттіктер үшін ерекше дизайндағы сәнді бұйымдарға арнайы тапсырыс беруге болады.
Шымкенттіктер үшін жағымды жаңалық! Енді үшінші мегаполис тұрғындары сән мен сапа үйлесім тапқан «Zebrano» дүкенінің жиһаздарына қол жеткізе алады. Әлемдік деңгейдегі брендті дүкендер желісінің Шымкент қаласында филиалы салтанатты түрде ашылды.
«Zebrano» дүкенінің жиһаздары үйіңіздің әрбір бөлмесінің сәнін келтіреді. Мұнда келушілер теледидар, үстел, кереуеттен бастап үйге қажетті барлық затты таба алады. Сондай-ақ, арнайы тапсырыс беру арқылы өз қалауыңыздағы жиһазды жасата аласыз.
Жұлдыз Жандыбаева, менеджер: «Бізді әлемде 100-ден астам шоу-рум бар. Шымкенттегі ашылған шоу-рум әлемдегі екінші үлкен дүкеніміз. Үлкендігі 3000м2 басталады. Біздің шоу-румда тек қана кереует, тумбалар, дрессуар, банкетка, диван, теледидар, ТВ зона, журнал үстелі бар. Одан басқа тапсырысқа да жиһаз жасауға болады».
Сатып алушыларға тауардың сапасына алаңдауға тіпті негіз жоқ. Ал жиһаз бүлінген жағдайда кепілдік арқылы қалпына келтіруге мүмкіндік қарастырылған. «Zebrano» дүкендер желісінің тауарлары әлемде кең танымалдыққа ие. Жиһаз өндіруші компания бүгінде қарқынды дамып келеді және Қазақстанның өзге де қалаларында дүкендер ашып, сапалы жиһазбен қамтуды жоспарға қойған.
Алмас Бейсембаев, Zebrano жиһаз дүкенінің директоры: «Бұл жерде үйге керекті диван болсын, жатын орындары, сувенирлер, картинкалар, кілемдер бүкіл нәрсені табуға болады бұл жерден. Бізде дизайны ерекше. Келген адам өзі көреді, мұндай дизайндағы жиһаз еш жерден көрмеген шығар. Клиент егер үй соғатын болса, бізге үйінің шаршы метрін берсе, соған қарап біз дизайнын толық істеп бере аламыз».
Жайлылық пен жоғары сапаға кепілдік беретін дүкендер желісінің ашылуына Ләйлә Сұлтанқызы, Жанболат пен Жазира, Bytanat секілді танымал жұлдыздар келіп көрермен ықыласына бөленді. Сонымен қатар, келуші қонақтар арасында ұтыс ойындары ойнатылып, бағалы сыйлықтар табысталды.