15 маусымнан бастап санитарлық талаптарды сақтаған жағдайда кинотеатрлар ашылады

227

 

Бүгін Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия халық пен мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, елімізде шектеу шараларын төмендету бойынша қосымша шешімдер қабылдады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Шешімге сай, 2020 жылғы 1 маусымнан бастап өңіраралық блокпостар алынады. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлер мен өңірлер әкімдіктерінің шешімі бойынша коронавирустың таралу ошағы бар аймақтарда жергілікті блокпостар сақталуы мүмкін.

Сондай-ақ, Қазақстанның облыс орталықтары мен ірі қалаларына темір жол тасымалдары, сондай-ақ өңіраралық автобуспен жолаушылар тасымалы қайта жаңғыртылады. Жолаушыларды тасымалдау қатаң түрде Денсаулық сақтау министрлігінің бекітілген санитарлық талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Теміржол және автовокзалдарда бекітілген талаптардың орындалуы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерінің бақылауында болады.

Одан бөлек, финтес және SPA орталықтарының қызметі қайта жанданады; спорт және мәдениет объектілері көрерменсіз жұмыс істей бастайды.

Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, қосымша білім беру ұйымдарының (бір топта 15 баладан көп емес), ғылыми-зерттеу институттарының және ғылыми орталықтардың жұмысы жанданады.

2020 жылдың 15 маусымынан бастап санитарлық талаптарды сақтаған жағдайда кинотеатрлардың жұмысы қайта қалпына келтірілетін болады.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов бірқатар нақты тапсырмалар берді.