Кинотеатрларда алаяқтардың айласы жайлы бейнероликтер көрсетілуде

24

Шыммкентте полицейлер кинотеатрда азаматтарды алаяқтардан сақтану туралы ескертуде. Тәртіп сақшылары кинотеатрға келушілерге алаяқтардың айласы жайлы арнайы әзірленген бейне роликті көрсетіліп, ақпараттық жадынамалар таратты.

Айта кетсек, 5 сәуірден бастап аталған бейнеролик әр киноның алдында көрсетіледі.
Онда алаяқтықтың кең тараған түрлері және олардан қалай сақтану қажеттігі туралы ақпарат жеткізіледі.