Шырын Абдуллаева — тыл ардагері. Бүгінде Жасы 108 –ге келген әжей зұлмат жылдарды жадынан шығарған емес.
13- жасында жұмысқа жегілген жас қыз соғыс басталған тұста майдандағы сарбаздарға тамақ пісіріп жеткізумен қатар, жарақат алған жауынгерлердің жарасын таңып, қару -жарақ салынған жәшіктерді толтырып, реттеп жіберіп отырған.
1915 жылы өмірге келген Шырын әжей «бейбіт күнге жету ауыр болды, соғыс болмасын» -дейді әжім торлаған жүзі жасқа шыланып …
Кеудесі төсбелгімен көмкерілген Шырын әжей бақытты әже, құрметті қария! 14 құрсақ көтерген тыл ардагерінің қазір 168 немересі оның ішінде (немене, шөпшектері бар). Қан майданда ессіз ерлік көрсеткендер ешқашан ұмытылмайды. Дәл осы қағиданы қалт жібермейтін Шымкенттегі №83 — мектеп директоры Б. Михеев бүгін Шырын апаға арнайы барып құттықтап қайтты.