Бүгін Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы тұрғындарды қысқы маусымда жылумен қамтамасыз етіп отырған «Жылу» мекемесіне барды. Естеріңізде болса, осы жылы қысқы маусымда тұрғындар қатты отын түрі емес, көгілдір отынға көшетіні жайлы хабар берген едік. Бұл жұмыстардың бүгінде қажетті құралдары алынып, қарқынын бастамақ.

Жалпы, аталған жұмыстарды 1 қазанға дейін аяқтау жоспарланған. Бұл мерзімде суды қысымдап, қазандық тексеріледі. Нақты, көпқабатты тұрғын үйдегі отбасыларға қазан-қараша айларында жаңа жүйемен жылу беріледі деп күтілуде.

Рашид Абатұлы жексенбі күні қазандық орны түсетін жерін, бетондау ісін және жұмысшы санын бақылайтынын ескертті.

Ал, наурыз айында берген шаһар басшысының тапсырмасы бойынша мекеме жанына қызметкерлер 500-ге жуық ағаш отырғызып, артық шөптерін қырқуды, суарып, күтіп-баптауды жандандырған.