Каналдарды тазалау жұмыстары жүргізілуде

569

Шымкенттегі каналдар тазаланып, жөнделуде. Қала аумағында 97,7 шақырымды құрайтын 9 канал бар. Ағымдағы жылы каналдардың 6 шақырымында механикалық тазалау жүргізілсе, 18 жарым шақырымын қолмен тазалау жалғасуда.

Бұдан бөлек тозығы жеткен каналдарды қалпына келтіру жұмыстары да қолға алынған.
Нұрлан Жаманкөз, Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы: «Жаңашек каналында жөндеу жұмыстары жүргізілуде».

Қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы жеке секторда тұратын азаматтардан баспаналарының төңірегіндегі канал, арықтарға қоқыс қалдықтарды тастамай, өз көшелерінің алдындағы арық атыздарды таза ұстауға шақырады.

Шынар Оразова