Әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 5,5 миллионнан асты. Вирус ең көп анықталған елдердің тізімін АҚШ, Бразилия, Ресей, Испания бастап тұр.

Елімізде де санитарлық ақуал мәз емес. Қауіпті инфекцияны жұқтырғандар саны осыған дейін 8969-ға жеткен. Сауыққандар 4560 болса, 35 адам «КОВИД-19-дан» ажал құшқан. Ал Шымкенте соңғы тәулікте бірден 69 адам тәжі вирусқа шалдығыпты.

Осылайша қалада жалпы саны коронавирусқа шалдыққандар 675-ке жеткен. Осыған дейін 228 адам сауығып шықса, 6 адам қайтыс болған.

Ал осы ретте Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пандемиясының екінші толқыны жөнінде ескертті. Жұқтыру жағдайлары азайып отырған елдер бақылауды әлсірететін болса, індеттің екінші толқынына тап болуы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай жөніндегі бағдарламасының жетекшісі Майкл Райан осылай деді. Айтуынша, қазір әлем пандемияның алғашқы толқынының бел ортасына жетті. Аурудың таралуы толқын тәріздес болады. Өсімнен соң төмендеу байқалып, кейін жұқтыру қайта басталады.

Мақпал Рысбаева