Шымкенттік өрт сөндірушілер сапасыз пиротехникалардың қауіпі туралы ескертті

131

Жаңа жылдық мерекеге аз ғана уақыт қалды. Жаңа жылдың ерекше белгісі шырша ғана емес, сондай-ақ пиротехникалар. Жаңа жылдық мереке кезінде түнгі аспан мыңдағын түрлі түсті оттармен түрленеді. Балалар салюттермен ойнайды, үлкендерде олардан қалыспайды. Салюттер, фейерверктер, шартылдақтар тек мерекенің сәнін келтіріп ғана қоймайды, сонымен бірге қайғылы жағдайға душар етуі де мүмкін.

Осы орайда Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері Акбар, Қырғы базар және Қазына сауда қатарларында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. ТЖ қызметкерлері қолдан жасалған пиротехникалық өнімдерді қолданбауға шақырды. Фейерверктерді тек ресми орындардан, егер сәйкестендіру сертификаты болса ғана алу керек. Сонымен қатар, фейерверктерді сатып алу барысында сыртындағы оралған қабына көңіл аудару керек: онда ылғалды жерлері, жыртығы болмауы қажет. Мыжылған, жарықшағы бар және басқа да корпусында ақаулары бар немесе тоқылған бұйымдарды пайдаланбау қажет.
Қауіпсіздік ережелерін есте сақтаңыздар, сол жағдай да ғана мереке көңілсіз болмай, қуаныш пен жақсы көңіл күй алып келеді.